Денсаулық сақтау

Соңғы тәулікте 350-ден астам теріскейлік тәж вирусын жұқтырған

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталайық! Қазақстанда инфекция жұқтырғандар саны күрт артты. Соңғы тәулікте қауіпті дертке 7 мыңнан астам адам шалдыққан. Науқастану көрсеткіші бойынша көш басында – Алматы қаласы мен Қарағанды облысы. Аталғандардың әрқайсысында 1 мыңнан астам жаңа дерек тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысындағы ахуал да көңіл көншітпейді. Кеше өңірде 382 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Дегенмен, елде халықты вакцинациялау науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін толық курстан 8 млн 755 мың адам өтіпті. Оның 274 мыңы – солтүстікқазақстандықтар.

Бердимурат Баймухан