Билік

Мас күйінде аялдамада ұйықтап қалған мемлекеттік қызметші жұмысынан шығарылды

Мас күйінде аялдамада ұйықтап қалған мемлекеттік қызметші жұмысынан шығарылды. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры Абай Балабеков өткен жылдың қазан айында қонақтан шығып, такси күтіп тұрған кезінде мызғып кеткен. Сол сәтте тәртіп сақшылары келіп, қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін айыппұл салған. Бұл оқиға жалпақ жұртқа қаңтардың 26-сы күні өткізілген әдеп жөніндегі кеңестің отырысында белгілі болған еді. Жиында мемлекеттік қызметшіні жұмысынан босату туралы ұсыныс жасалады. Кеңес мүшелерінің ұсынысын энергетика министрлігіндегілер қолдаған.

Магжан Ахмадина