Бизнес және экономика

Қазақстан мен Ресей аяқ киімді таңбалау кодтарын өзара тани бастады

Ақпанның алғашқы жұлдызынан Қазақстан мен Ресей аяқ киімді таңбалау кодтарын өзара тани бастады. Демек, енді отандық импорттаушылар көрші елдің өнімін еш қиындықсыз сатып ала алады және ел аумағына кіргізер алдында қайта таңбаламайды. Дәл осы ереже тауар экспорты кезінде де сақталады. 2022-ші жылдың ақпанында тізімді Беларусь республикасымен толықтыру жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Беларусьте аяқ киім тауарларын міндетті цифрлық таңбалау және бақылау тәртібі өткен жылдың қарашасынан, ал Ресейде 2020-ның 1-ші шілдесінен бастап енгізілді.

Байболат Култанов