Билік

Бас партия жүктеген міндеттер

Партияның жаңа көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде барлық қатысушыларды ұйымды басқаруға ұсыныс жасап, қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын білдіріп, «Nur Otan» партиясына төрағалық ету аса жауапты жұмыс екенін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқаруға тиіс. Соның ішінде біздің партиямыздың алатын орны ерекше. «Nur Otan» Қазақстанды нығайтуға бағытталған маңызды реформалардың бастауында болып, түрлі салада нақты жетістікке жетуімізге елеулі үлесін қосты.

Айта кеткен жөн, «Nur Otan» партиясы жергілікті филиалының қоғамдық кеңесі қазіргі күні бірқатар жобаны іске асыруда. Әсіресе, жастар арасындағы спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан шаруа көп. Мәселен, өткен жылы облыста 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 4 хоккей алаңы пайдалануға берілді. Биыл тағы 2 спорттық нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Ирина Эктова, облыстық мәслихат депутаты:

– Бізде балалардың спортпен шұғылдануы үшін барлық бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде комиссия құрдық. Мамандар жол картасының орындалуын бақылайды. Қала тұрғындарының пікіріне әрқашан құлақ асамыз. Сондай-ақ, біз қоғамдық диологтарға әрдайым дайынбыз.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінде саяси бюроның жаңа құрамы бекітілді. Оған облысымыздан 4 адам енді.

Бердимурат Баймухан