Спорт

“Qulager” ХК павлодарлық “Ertis”-тен басым түсті

“Qulager” хоккей клубы кезекті жеңіске қол жеткізді. Бұл жолы солтүстікқазақстандық имектаяқ шеберлері павлодарлық “Ertis”-тен 2 мәрте басым түсті. Алғашқы ойында жергілікті жігіттер қарсылас қақпасына жауапсыз 4 шайба салды. Ал қарымта матчта 1 де 3 есебімен тізе бүктірді. Құлагерліктер сапынан Илья Ахметов белсенді. Ол хет-трик авторы атанды. Қазіргі таңда петропавлдық ұжым 46 ұпаймен турнирлік кестенің 6-шы сатысында тұр.

Анатолий Васильев, “Qulager” ХК бапкері:

– Ойындар біз үшін сәтті өтті. Жігіттер де айдында жақсы жұмыс істеді. Бұл кездесулерге 1 ай бойы тыңғылықты дайындалдық. Енді ақпанның 3-і мен 4-і күндері көкшетаулық «Arlan»-ға қарсы ойнаймыз. Оған дейін жігіттер демалып, физикалық тұрғыда өздерін қалыпқа келтірулері тиіс.

Алдияр Айтпаев