Балалар

Жастарды жұмыспен қамту

Жиында жастарды жұмыспен қамту жайы да қаралды. Үкімет басшысы бұл мәселенің өзектілігіне тоқталып, қыз-жігіттер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша бірқатар тапсырма берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгіннен Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу ұзақтығы мен еңбекақы мөлшерін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Аталған бастамалар аясында табыс мөлшерін 20-25 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін арттыру көзделген. «Жастар практикасының» мерзімі – 6 айдан 12 айға дейін, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы 12 айдан 18 айға дейін ұзартылады. «Жастарды оқыту, кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру мәселелеріне көбірек көңіл бөлу қажет. Тиісті тармақтар Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасына енгізіледі», деді Үкімет басшысы.

Байболат Култанов