Өнеркәсіп

Жаңа жобалар іске асырылмақ

Өңірлерде жаңа өндіріс орындары іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, 2022-2025 жылдары елімізде 2,7 трлн теңгенің 119 жобасы жүзеге асырылмақ. Өндіріс ошақтарының басым бөлігі машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібі салаларында ашылады деп жоспарланып отыр. Аталмыш жобалар іске асса, өніммен ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, экспортқа шығару да көзделіп отыр.

Бердимурат Баймухан