Денсаулық сақтау

Өңірде соңғы тәулікте 341 адам коронавирус жұқтырды

Өңірдегі эпидахуалға тоқтала кетейік. Солтүстік Қазақстан облысы әлі де “қызыл” аймақта тұр. Соңғы тәулікте коронавирус 341 теріскейліктен анықталды. Басым бөлігінде аурудың анық белгілері байқалады. Ел бойынша да эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітпейді. 1 күнде 7 жарым мыңға жуық адам COVID 19-ға шалдыққан. Дені – алматылықтар. Оңтүстік астанада мың жарымнан астам адам сырқаттанып қалған.

Бүгінде 10 мың 600-ге жуық жан стационарларда ем қабылдауда. 164 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 88 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Өкінішке қарай, өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 азамат қайтыс болды. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы «сары» аймақта тұр, ал «жасыл» зонада тек – Түркістан облысы ғана. Қалған қалалар мен өңірлер – “қызыл” аймақта.

Дана Ешкенова