Қылмыс

Өңірде есірткі сату фактілері анықтады

Өңірде 4 күннің ішінде 8 есірткі қылмысы анықталды. Оның 2-уі нашаны сатуға қатысты. Қылмыскерлерден 250 грамм марихуана, 10 грамм синтетикалық есірткі алынды. Зиянды заттар сараптамаға жіберілді. Заңға қайшы әрекеттер «Өрмек» жедел-профилактикалық шарасы барысында әшкереленді. Ал өткен жылы облыс бойынша есірткіге қатысты 200-ге жуық факті тіркелген. Оның 59-ы зиянды затты сатуға қатысты. Заңсыз айналымнан 410 келі түрлі есірткі және психотроптық заттар тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, есірткі жасайтын 8 зертхана әшкере болды.

Дана Ешкенова