Қоғам

Әлихан Смайылов: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қолжетімді болуы тиіс

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Президент тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде ұйымдастырылған жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды.

Ұсынылған дерекке сүйенсек, алғашқы қажеттіліктегі өнімдер құнының ең көп өсімі елордада тіркелді. Баға ел астанасында – 1,5%-ға, Ақмола облысында – 1,4%-ға, Ақтөбе облысында – 1,1%-ға және Жамбыл облысында 1%-ға көтерілген. Үкімет басшысы аталған өңірлер әкімдіктерінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің осы бағыттағы жұмысын сынға алды. Сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге азық-түліктің әрбір атауы бойынша бағаны бақылауды күшейтуді, тұрақтандыру қорларында қажетті көлемді қамтамасыз етуді және «айналым схемасына» қосымша қаржы бөлуді тапсырды.

Әлихан Смайылов – ҚР Премьер-Министрі

– Әкімдер мен Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорларының минималды көлемін қалыптастырған жоқ, “айналым схемасы” бойынша жеткілікті қаражат бөлінбеген, сауда үстемелеріне бақылау нашар жүргізілген. Іс жүзінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу жұмысы бірізді атқарылып жатқан жоқ. Сіздердің міндеттеріңіз – халыққа бірінші кезекте қажетті тауарларды қолжетімді бағада қамтамасыз ету.

Байболат Култанов