ТКШ

Жолды уақытылы әрі дұрыс тазаламаған 19 адам жауапкершілікке тартылды

Жол қателікті кешірмейді. Әсіресе, қысқы уақытта бай болған абзал. Бірақ, кейде жолаушылар коммуналдық мекемелердің салғырттығынан да жолда қалып жатады.
Сондай оқиғалардың бірі жуырда «Пресновка-Благовещенка-Қайранкөл» бағытындағы трассада болған. Жолаушы толы автобус жол дұрыс тазаланбағандықтан, бері қарай өте алмаған. Кейін қоғамдық көлік Жамбыл ауылына жөнелтіліпті. Мұнда жол қардан тазартылғанша жолаушыларға ыстық тамақ беріліп, көмек көрсетілген.

Жолды уақытында тазаламаған мердігер ұйымның қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайлар Есіл және Тайынша аудандарында да орын алған. Жауапты адамдар айыппұл арқалады. Жалпы, жыл басталғалы полиция қызметкерлері өзге де құзырлы орган өкілдерімен бірлесіп жолдың жағдайына қатысты 100-ден астам тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жол қауіпсіздігіне кері әсер ететін 150-ге жуық олқылық анықталып, оны түзеу жөнінде 97 ұйғарым берілген. Өз міндетін орындамаған 19 адам жауапкершілікке тартылды .

Магжан Ахмадина