МТРА жаңалықтары

СҚО-да 7 діни нысан салынуда

Дін істері басқармасы да алдағы жоспарларымен бөлісті.Ұсынылған дерекке сүйенсек, бүгінде облыста 136 діни бірлестік пен 164 діни нысан жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта олардың қатары 7 объектіге артпақ. Қазір өңірде 4 мешіт пен 3 православ шіркеуі салынып жатыр. Алқа отырысында жоспардан бөлек, өткен жылы атқарылған шаруа жайлы да баяндалды.

Рауза Қасенова, облыстық дін істері басқармасының басшысы:

– Біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл болып табылады. Өткен жылы барлық конфессиялар рухани келісім күніне арналған іс-шараларға белсенді қатысты. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Конфессияаралық келісім аллеясы ашылды, ақпараттық тақтайша орнатылды, Александр Невскийдің 800 жылдығына орай 30 түп қайың көшеті отырғызылды және дәстүрлі тағамдар конкурсы өткізілді.

Дана Ешкенова