Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары қарияларға ауладағы қарын күреп беруде

Сала ардагерлері мен жалғыз тұратын қарияларға деген тәртіп сақшыларының қолдауы. Аққайың ауданында полиция қызметкерлері қарт адамдардың үйлеріне барып қарып қолғабыс етуде. Аққайыңдық шенділер жуырда төрт қарияның үйінде болып, қарын күреп берген, отынын жарып, суын тасып беріпті. Бұндай игі іс бүкіл облыс көлемінде өткізілуде. Полиция департаменті жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықовтың айтуынша осылай 2 мың 400-ге жуық адам назарға алынған. Келіп түскен бірде-бір өтінім назардан тыс қалмайды дейді.

Бердимурат Баймухан