Денсаулық сақтау

СҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артуда

Өңірімізде коронавирусқа шалдыққандар саны күн санап артуда. Бір тәулікте ғана 407 солтүстікқазақстандық covid жұқтырған. Бұл қаңтардың 25-індегі жағдаймен салыстырғанда 21 пайызға көп екен. Науқастардың дені, бұл – 207 адам – облыс орталығының тұрғындары. Аудандар арасында антирекордтық тізімде бірінші болып Қызылжар ауданы тұр.

Мұнда вирус 33 адамнан анықталыпты. Екінші орында Уәлиханов, М.Жұмабаев және Ғ.Мүсірепов аудандары орналасқан. Олардың әрқайсысында 20 науқастан тіркелді. Өңірдегі зертханаларда 1 жарым мың сынама жасалып, 23 пайызы оң нәтиже көрсеткен. Енді елдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталар болсақ, бір тәулікте коронавирус 13 жарым мың қазақстандықтан анықталды. ПЦР тестінің нәтижесі расталғандардың дені – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары.

 

Магжан Ахмадина