Қоғам

2022 жылы Қазақстанда 450 мың жұмыс орны құрылмақ

Биыл елімізде 450 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, 2021-2025 жылдары Қазақстанда 10 ұлттық жоба аясында 2 жарым млн жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде 800 мыңы – тұрақты және 1,7 млн-ы уақытша болып саналады.

Министрліктегілер, негізінен, жұмыс күші электрмен және энергиямен жабдықтау, сондай-ақ, мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында тапшы екендігін айтуда. Ал ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, бүгіндері елімізде 451 мың адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Олардың 78 мыңға жуығы – жастар.

Бердимурат Баймухан