Қылмыс

СҚО-да жыл басынан бері 30 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 30 фактісі тіркелді. Оның 8-інде баукеспелер қулықтарын іске асыру мақсатында өздерін банк қызметкері ретінде таныстыған. Тұрғындарға хабарласқан ұрлықшылар “Сіздің атыңызға біреу несие рәсімдемекші” деп алдайды.

Оның жолын кесу үшін шұғыл түрде несие рәсімдеп, қаржыны «резервтік банк ұяшығына» аудару керек деп сендіреді екен. Міне, осылай аңғал азаматтар қулардың құрығына түсіп, ақшаларын белгісіз бір шотқа аударып, ақыры сан соғып қалып жатады. Соңғы тіркелген жағдайда тағы бір облыс тұрғыны осы тектес айла-әдіске алданып, 2 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды. Қазіргі күні полицейлер алаяқтарды іздестіріп жатыр.

Бердимурат Баймухан