Денсаулық сақтау

58 мың солтүстікқазақстандық ревакцинациядан өткен

Алексей Зазуля – 59 жаста. Осыдан 8 ай бұрын азамат COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы қос компонентін қойдырыпты, ал бүгін 2-ші қалалық емханада ревакцинациядан өтті.

Алексей Зазуля, қала тұрғыны:

– Менің көрші елде тұратын туыстарым әлі екпе алған жоқ. Ғаламторда жүрген жалған мәліметтерге сеніп, вакцина салдырар емес. Жақындарым үшін алаңдаймын. Иммундау шарасы ең алдымен өзіміз үшін керек.

2-ші қалалық емханада үш бірдей екпе егу қосыны бар. Мейірбикелер бүгінге дейін 40 мыңға жуық адамға вакцина салған. Сондай-ақ, мекемеде тіркеуде тұрған 4 мың 300-ге тарта адам ревакцинациядан өтіпті.

Анна Андриященко, №2 қалалық емхананың аға мейірбикесі:

– Бүгінгі таңда 450 жасөспірім, 22 жүкті және бала емізіп жүрген 117 әйелге “Pfizer” екпесі егілді. Бұл вакцинанның екінші дозасын 10 жүкті әйел алды.

Облыстың екпе егу қосындарына ресейлік Sputnik Light препараты жеткізілді. Ол азаматтарды ревакцинациялау мақсатында қолданылады. Айта кету қажет, бүгінге дейін қосалқы құрамды 58 мыңға жуық солтүстікқазақстандық қабылдаған.

Алдияр Айтпаев