Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Nur Otan» партиясының съезіне облыстан қанша адам қатысады?

Облыстан «Nur Otan» партиясының XXI-ші кезектен тыс съезіне қатысатын делегаттардың тізімі бекітілді. Жиынға өңірден барлығы – 19 адам қатыспақ. Тізімде партия филиалының басшылығы және аумақтық филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары бар.

Айта кету қажет, «Nur Otan» партиясының XXI-ші съезі қаңтардың 28-і Елордада өтеді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын онлайн форматта ұйымдастырылмақ. Күн тәртібіндегі басты мәселе – партияның жаңа көшбасшысын тағайындау.

Алтынай Казиканова