Қылмыс

Өткен жылы жасөспірімдер арасында 2 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған

Өткен жылы облыс бойынша жасөспірімдер арасында 2 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған. Ювеналдық полиция қызметкерлері өзге де құзырлы орган өкілдерімен бірге өткен 12 айдың ішінде 1 мыңға жуық рейдтік іс-шара өткізіпті. Тексеріс кезінде мамандар түнгі клубтар мен басқа да ойын-сауық нысандарында болған.

Нәтижесінде 27 кәсіпкер мен балаларын қараусыз жіберген 2 мың 400-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаларға темекі мен ішімдік сатқан 133 дүкен иесі тіркеліп, заң алдында жауап берген. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта 18 жасқа толмаған 150 ұл-қыз жергілікті полиция басқармасында есепте тұр.

Бердимурат Баймухан