Денсаулық сақтау

Коронавирус балалар мен жүкті әйелдер арасында өршіп тұр

Соңғы күндері короновирус жұқтырғандардың қатары артты дейді 3-ші қалалық емхананың дәрігерлері. Ақ халаттылардың көмегіне жүгініп жатқандардың көбі -балалар мен жүкті әйелдер.

Сәбира Дайырова, №3 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:

– Короновирус балалар мен жүкті әйелдер арасында тарап кетті. 24-і 29 бала тіркелді. Тағы облыс бойынша 40 жүкті әйел тіркеліпті.

“Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде” демекші, дәрігерлер ковидтен қорғанудың басты жолы сақтық шараларын сақтап, екпе алу дейді. Яғни, ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Сонда ғана кеселге тойтарыс беру мүмкін болады.

Сәбира Дайырова, №3 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:

– Ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Ал біздегі мектептерде қазір ол 10-15 пайызды ғана құрайды. Бізде 12 мен 18 жас аралығындағы балаларға екпе жасалады. Және тек ата-аналарының келісімімен ғана. Ал балалар мектептерге барып, барлығы дұрыс жұмыс істеуі үшін ұжымдық иммунитет 70 пайыз болуы керек.

Жалпы, 3-ші қалалық емханада 73 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Олардың 51 мыңы ересектер болса, қалғаны – балалар. Оның ішінде екпе ала алатын жасөспірімдер саны 4 мыңнан асады. Бүгіндері солардың тек 600-і ғана вакцина салдырған. Ал тіркеуде тұрған 102 жүкті әйелдің арасынан 7-уі ғана екпе алыпты.

Магжан Ахмадина