Қоғам

«Көк» статусы барлар үшін шектеу шаралары жеңілдетілді

Коронавирусқа қарсы кәсіпкерлік нысандарына қойылған шектеу шаралары жеңілдетілді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық комиссия осындай шешім шығарған. Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан «көк» мәртебесі бар қазақстандықтарға қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта»бөлімшелеріне, банктерге, асхана түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру ұйымдарына, СПА-орталықтарға, сән салондарына кіруге рұқсат етіледі. Ал «Ashyq» жобасында «жасыл» статусы барлар үшін салтанатты, еске алу, спорттық іс-шаралар, көрмелер мен форумдарға қатысуға рұқсат етіліп отыр.

Магжан Ахмадина