Білім

Ағымдағы жылы студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі

Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі. Осы ретте бакалаврға оқып жүргендерге – 20, ал магистранттар мен докторанттарға ай сайынғы мемлекеттік қолдау 15 пайызға дейін артады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы да стипендия дәл осындай көлемде өскен болатын. Енді келесі оқу жылында педагогика бағытында білім алып жүрген студенттер ай сайын – 58 мыңнан астам, ал өзге болашақ мамандар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы алады. Магистранттардың шәкіртақысы – 87 мыңға дейін, докторанттардыкі 195 мың теңгеге дейінм көтеріледі.

Алдияр Айтпаев