Денсаулық сақтау

Өткен тәулікте 178 солтүстікқазақстандық коронавирусқа шалдықты

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келер болсақ. Бүгіндері республиканың басым бөлігі – «қызыл» аймақта. Тек Түркістан облысы ғана «сары» аймақта тұр. Қазіргі таңда 150 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Енді өңіріміздегі жағдайға тоқтала кетейік. Өткен тәулікте 178 солтүстікқазақстандықтың ПЦР тесті оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, бүгіндері жүкті әйелдер мен балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары артқан. Балалар арасында ковидті жұқтырудың жаңа – 29, ал жүкті әйелдер арасында 40 фактісі тіркелген. Қазіргі күні осы себеппен 455 солтүстікқазақстандық балғын медициналық бақылауға алынған. Оның 39-ы – стационарда, қалған 416-сы амбулаториялық ем қабылдауда. Сондай-қа, 147 жүкті әйел де – дәрігерлердің назарында. Яғни, оның 51-і – стационарда, 96-сы амбулаторлық жағдайда ем қабылдауда.

Бердимурат Баймухан