Көлік және жолдар

Қазақстанда жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы қайта жанданады

Қазақстанда жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы қайта жанданады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, жеңілдікпен автонесиелеуден бөлек, ел азаматтарының жекелеген топтары үшін жаңа көліктің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар арнайы бағдарлама іске қосылады. Тізімге көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар жандар, бюджет саласының қызметкерлері кіреді. Сондай-ақ, оларға отандық темір тұлпарларды сатып алуға жеңілдік ваучерлері беріледі деген болжам бар. Аталған жобалар жақында сарапшылар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен өтетін жиында талқыланады.

Бердимурат Баймухан