Денсаулық сақтау

Қазақстанда карантин мерзімі қысқарды

Қазақстанда карантин мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов осындай қаулы қабылдады. Енді жаңа ереже бойынша індет белгісі жоқ, яғни симптомсыз дертке шалдыққандар мен коронавирус жұқтырған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған азаматтар 7 күннен кейін ПТР тест тапсыра алады. Сәйкесінше, анықтама теріс нәтиже көрсетсе, онда азаматтың статусы автоматты түрде «қызылдан» – «сарыға» немесе «жасыл» түске ауысады. Ал коронавируспен ауырып жатқан адамдар 14 күн бойы ем алуы тиіс.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

– Науқаста аурудың анық белгілері немесе ауруханада ауырып жатқан адамдар міндетті түрде 14 күн карантинде болып, ем алуы қажет. Ал сиптомсыз немесе
коронавирус жұқтырған жанмен тығыз қарым-қатынаста болған азаматтарға 7 күннен кейін ПТР тест тапсыруға рұқсат беріледі. Тестің нәтижесі теріс шыққан жағдайда олар сегізінші күні еш кедергісіз жұмысқа шыға алад”.


Дана Ешкенова