Спорт

Инесса Шумекова – әлем кубогының күміс жүлдегері

Австриядан ақжолтай хабар жетті! Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Инесса Шумекова әлем кубогында күміс медальға ие болды. Жаһандық жарыс Еуропа елінде қаңтардың 21-і мен 22-сі күндері өтті. Онда дүниежүзінің аузымен құс тістеген кіл мықтылары бақ сынады. Қазақстан намысын 8 спортшы қорғады. Қыздардан құралған топ командалық спринтте мәре сызығын екінші болып кесті. Қазір жерлесіміз әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Бұл дода қаңтардың 28-і және 29-ы күндері дәл осы Австрияда өтпек.

Инесса Шумекова, конькимен жүгіруден әлем кубогының күміс жүлдегері:

– Бұл – жасөспірімдер арасында өткен жарыс. Тартысты додада халықаралық дәрежедегі алғашқы медалімді иелендім. Менімен бірге ел намысын астаналық қыздар қорғады. Біз жүлде еншілеу үшін барымызды салдық. Жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстанның абыройын асқақтатқанымызға қуаныштымыз. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымды білдіремін.

Байболат Култанов