Денсаулық сақтау

“Омикрон” штамы өңірімізге жетті

Короновирус індетінің жер шарын әуреге салғанына 2 жылдан астам уақыт болады. Осы аралықта кесел басыла ма десең, керісінше дендеп барады. Онымен қоймай, түрленіп, жаңа штамдары көбеюде. Жақында да ғана барлық ақпарат көздері бір-бірімен жарыса «дельта» туралы айтып келсе, енді міне, «омикрон» деген тағы бір түрі пайда болды. Алғашқысына қарағанда соңғысы жылдам таралады дейді мамандар.

Ирина Абрамишвили, №1 қалалық емхананың бөлімше меңгерушісі:

– Мамандар “омикрон” штамы “дельта”-ға қарағанда тез таралуымен қауіпті дейді. Оның инкубациялық мерзімі – 2-3 күн ғана. Сондықтан, ауру адам өзгелермен араласса, дерт тез жайылып кетеді. “Омикрон”, әсіресе, балалар үшін қауіпті. Жас ерекшелігіне байланысты олардың ағзасының кей функциялары толыққанды жетілмеген. Сондықтан, ауруды жұқтыру қаупі жоғары. Дерт ауыр формада өтуі мүмкін.

Осыған дейін елімізге “омикрон” жетті делінген болатын. Ақ халаттылар дертіне дауа іздеп емдеу мекемелеріне жүгінетіндер қатары артты дейді. Індеттің өршуіне “омикрон себеп болған. Енді өңірімізде де алғашқы науқастар тіркелуде.

Ирина Абрамишвили, №1 қалалық емхананың бөлімше меңгерушісі:

Біздің мекемеге жүгінушілер қатары артты. Біз оны осы “омикрон”-мен байланыстырып отырмыз. Жалпы, коронавирус пен оның штамдарының белгілері бірдей. Олар: респираторлық аурулар кезінде болатын дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жөтел, тамақтың жыбырлауы және мұрынның бітелуі. Емдеу жолдары да бір. Десе де, ауру белгілері байқалса дәрігерге жүгінген жөн. Сақтық шараларын да естен шығармау қажет. Вакцинаның да маңызы зор.

Жалпы, жыл басталғалы 1-ші қалалық емхананың педиатрия бөлімшесіне жүгінушілер қатары артқан. Мұнда қазір ковид жұқтырған 28 бала тіркелген. Олар үй жағдайында ем қабылдап жатыр. 9-ы – 1 жасқа дейінгі балалар.

Магжан Ахмадина