Денсаулық сақтау

Елде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9 миллионнан асты

Елде коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін 9 миллионнан астам адам қабылдаған. Ал екінші құрамды қойдырғандардың саны 8 млн 600 мыңнан асып жығылады. Халықты иммундау шарасы Қазақстанда өткен жылдың ақпан айында басталды. Содан бері 264 мыңнан астам солтүстікқазақстандық екпенің қос дозасын да салдырған. Елде қараша айынан бастап белгілі бір санаттағы жандарды “Comirnaty” препаратымен вакциналау науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін америкалық өнімді 748 мың кісі қабылдаған. Оның басым бөлігі – 12 жастан асқан жасөспірімдер.

Дана Ешкенова