Денсаулық сақтау

Соңғы тәулікте 155 солтүстікқазақстандық COVID-19 жұқтырған

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандар саны күн санап артуда. Соңғы тәуліктің өзінде 155 адам дәрігерлердің бақылауына алынған. Ел бойынша статистикаға тоқталатын болсақ, COVID-19-ды 15 800-ден астам қазақстандық жұқтырып алған. Бұл бір күн бұрынғы дерекпен салыстырғанда 3 мың адамға көп. Дерт ел астанасында өршіп тұр. Елордада індетке 5 мыңнан астам тұрғын шалдыққан.

Магжан Ахмадина