Қоғам

Жыл басталғалы Жұмысшы кентіндегі түнеу орталығына 250-ге жуық қаңғыбас жеткізілген

Қала көшелерін 1 айдан бері кезіп жүрген мына азамат өзін Дениспін деп таныстырды. 39 жастағы ер адам мұндай жағдайға қалай түскендігін түсіндіріп айтып бере алмады. Тәртіп сақшылары оны Жұмысшы кентінде орналасқан арнайы түнеу орталығына әкелді. Өткен жылы мұнда үй-күйі жоқ 2 мыңға жуық адам жеткізілген. Олардың барлығы полицейлердің арнайы есебіне алыныпты.

Адай Смайыл, Петропавл қалалық ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы:

– Қаңтар айының басынан қалалық полиция бөлімінің қабылдау-тарату орнына 80-нен астам үй-күйі жоқ адам жеткізілген. 12-сі сот санкциясы бойынша қамауға алынған.  

Оған қоса тағы қылмыс жасап іздеуде жүрген 5 адам анықталды. Қаңғыбастар негізінен жылу трассалары, подъездер мен жертөлелерді паналайды. Тұрғылықты мекен жайы жоқ жандардың көбі – 33 пен 44 жас аралығындағы тепсе темір үзетін ер азаматтар.

Магжан Ахмадина