Қоғам

Православ сеніміндегілер Крещение Господне мерекесін атап өтуде

Бүгін православ сеніміндегі христиандар Крещение Господне мерекесін атап өтуде.  Дәстүр бойынша қаңтардың 19-ына қараған түні дұға оқылды. Дін қызметкерлерінің айтуынша бұл күні су ерекше бір қасиетке ие болып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға септеседі екен. Солтүстікқазақстандық православ жұрты аластатылған тіршілік нәрін әкелген ыдыстарына құйып алып, шомылу рәсімін өткізді. Айта кеткен жөн, дәстүрді үйде де ұйымдастыруға болады.

Эльмира Садвокасова