Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылығы өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылуы мүмкін

Алдағы уақытта ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Премьер Министрі айтты. Әлихан Смайыловтың сөзінше, ең алдымен елдегі азық-түлік бағасын тұрақтандырып, ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп алған жөн. Ол үшін арнайы есептеу жүргізілмек. Егер қажеттілік туындап жатса, өнімді сыртқа сату бойынша шектеу қою керек деді Үкімет басшысы. Ал Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев аталған мақсаттағы шаруалар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі күні Қазақстанда азық-түліктің бірнеше түрін экспорттауға шектеу қойылыпты.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

– 2022-ші жылдың 1-ші шілдесіне дейін 125 мың тонна көлемінде күнбағыс тұқымының және 110 мың тонна күнбағыс майының экспортына шектеу қойылды. 3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына, сондай-ақ 6 ай мерзімге ірі қара мен ұсақ малды шет елге шығаруға тыйым салынды. Одан бөлек, мал азығы дақылдарының экспортын тоқтатудамыз.

Бердимурат Баймухан