Қылмыс

«Dostyq Mall»-дан жарылғыш зат табылмады

Сенбінің кешінде бәзбіреу облыстық полиция департаментіне қоңырау шалып, тәртіп сақшыларын аяқтан тік тұрғызды. Белгісіз адам құқық қорғаушыларға «Dostyq Mall» сауда орталығында жарылғыш зат орнаттым деген. Оқиға орнына жедел топ шұғыл түрде жеткен.

Мамандар нысанның ішін 2 жарым сағаттың көлемінде толық тексереді. Алайда, мина табылмайды. Қазіргі таңда күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, елімізде терроризм туралы жалған хабар таратқандар 14,5 млн теңге көлемінде айыппұл арқалайды немесе 5 жылға дейін темір торға тоғытылады.

Бердимурат Баймухан