Бизнес және экономика

Бизнесмендердің кредит төлемдерін шегеру мүмкіндігі бар

Іскер жандарға жәрдем. Еліміздегі микро, кіші, орта және ірі кәсіпкерлік өкілдері кредит төлемдерін шегере алады. Мұндай қолдау төтенше жағдай енгізілуіне байланысты бизнесіне шығын келген азаматтарға қарастырылған. Несиені кейін төлеу мүмкіндігі екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан бөлек, ломбард және кредиттік серіктестіктердегі займға да қатысты. Бұл ретте 2022 жылдың 31-ші қаңтарына дейін аталған орталықтарға еркін формада өтініш беру қажет. Қаржы ұйымдары арыз жазған әрбір кәсіпкердің қаржылық жағдайын жіті тексеріп, кредит төлемінің қалайша шегерілетінін анықтайды.

Бердимурат Баймухан