Қоғам

СҚО-да төтенше жағдай режимі аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысы қалыпты өмірге оралуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бүгін таңғы сағат 7-ден бастап теріскейде төтенше жағдай режимі аяқталды. Аймақта барлық мекемелер мен шағын және орта бизнес нысандары бұрынғы жұмыс тәртібіне көшті.

Алайда, жергілікті терроризмге қарсы күрес жедел штабының өкілдері қауіптің «сары» деңгейі сақталады дейді. Сондықтан, тұрғындардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында блокпостар алынбайды. Және мемлекеттік маңызы бар мекемелердегі күшейтілген күзет сол қалпында қалмақ. Айта кету қажет, бүгіннен елімізге бітімгерлік миссиямен көмекке келген өзге елдің армиясы біртіндеп шығарылуда.

Магжан Ахмадина