Білім

Өңірде 16 ұстаз жетіспейді

Елде өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына бар жағдай жасалуда. Бірақ, әлі де болса, салада кемшін кетіп жатқан тұстар баршылық. Олардың бірқатарын Президент күні кеше өткен ауқымды жиында жіпке тізді. Қасым-Жомарт Тоқаев әсіресе, өңірлерде білікті педагогтар жітіспеушілігін айтып, кадр тарту қажеттігіне баса назар аударды. Жоғарғы білім беруде де олқылықтар жоқ емес бар. Бұл ретте мемлекет басшысы оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін артыру қажеттігін қадап айтты. Аталған бағыттарда облысымызда жүйелі жұмыс қолға алынуда.

Нәзір Жәшібеков, СҚО білім басқармасының басшысы:

– Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру қажет деді. Президенттің жоғарғы білім қолжетімді әрі сапалы болуы керек деген идеясын қолдаймыз. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік университеттердің филиалдарын ашу туралы айтты. Жергілікті ЖОО Аризона университетімен осы жұмысты бастап кетті. Алғашқылардың бірі болып осы істің жемісін көреміз деген ойдамын. Ал педагог кадрлардың жетіспеушілігіне келер болсақ, бүгінде өңірде 16 мұғалім, яғни математика және орыс тілі пәндерінің ұстаздары тапшы. Алдағы уақытта білікті мамандарды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Магжан Ахмадина