Қылмыс

СҚО-да алкогольдік өнімдерді заңсыз сатқан 7 дүкен анықталды

Облыста алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан бірнеше дүкен анықталды. Төтенше жағдай кезінде облыс коменданты Марат Төлебаевтың өкімімен барлық жерде спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынған болатын. Алайда, бұл шектеуге қарамастан өңірде алкогольді өнімдерді саудалаудың 7 бірдей фактісі анықталған. Оның 5-уі облыс орталығында тіркелсе, 2 жағдай Шал ақын ауданында орын алған.

Алкоголь өнімдерін сату туралы заң талаптарын бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, өңірде төтенше жағдай режимін және коменданттық сағат қағидаларын бұзған 85 адам жауапкершілікке тартылған. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 19-ына дейін өңірде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында коменданттық сағат енгізілді. Түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысына тыйым салынған.

Әлібек Ғабдуллин, қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары:

– Енгізілген шектеулер ең алдымен төтенше жағдайға байланысты. Біздің өңірімізде жағдай тұрақты. Алайда, құқықтық тәртіпбұзушылықтарына ықпал ететін шарттарға жол бермеу қажет.

Эльмира Садвокасова