Денсаулық сақтау

Өткен тәулікте өңірде індет жұқтырудың 25 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте өңірде індет жұқтырудың 25 жағдайы тіркелді. 24 адамның бойынан ауру белгілері анық байқалса, 1 тұрғын COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққан. Індет жұқтыру жөнінен әдеттегідей облыс орталығы көш бастап тұр. Тәж вирусын 16 петропавлдық жұқтырған.

Коронавирусқа шалдығу жағдайлары елордада жиілеген. Бас қалада соңғы тәулікте COVID-19-бен мың жарым адам сырқаттанып қалған. Мамандардың сөзінше бұған “омикрон” штамының таралуы себеп. Әзірге, СҚО-да вирустың бұл түрі тіркелген жоқ. Енді өңірдегі вакцинация қарқынына тоқтала кетейік, 257 мыңға жуық солтүстікқазақстандық екпе алған, ал 37 мыңға тарта тұрғын ревакцинациядан өткен.

Алдияр Айтпаев