Денсаулық сақтау

Облыста 9 адам коронавирус жұқтырды

Енді өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқтала кетейік. Өткен тәулікте 9 солтүстікқазақстандықтың бойынан коронавирус індеті анықталды. Сырқаттанғандардың барлығында да ауру белгілері анық білінеді. Жекелей атап өтсек, Есілде – 2, Қызылжар ауданында қауіпті індетті 4 адам жұқтырып алған. Ал облыс орталығында 3 тұрғын науқастанып қалған. Жазылып шыққандардың саны – 75. Осы ретте айта кеткен жөн, соңғы тәулікте 2 мыңнан астам қазақстандық коронавирус жұқтырған. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы – «қызыл» аймақта, Алматы, Шымкент – “сары”, қалған облыстар – «жасыл» зонада.

Алтынай Казиканова