Денсаулық сақтау

Облыста 5200-ден астам жасөспірім “Pfizer” вакцинасын алды

Өңірімізде “Pfizer” вакцинасын аламын деушілердің қатары күн санап артып келеді. Әсіресе, жасөспірімдер белсенділік танытып жатыр дейді медицина қызметкерлері.

№2 қалалық емханада күніне 12 мен 18 жас аралығындағы ондаған жас иммундалады екен. Жалпы, бүгінге дейін өңірде 5200-ден астам жасөспірім “Pfizer” вакцинасын қойдырыпты.

Данияр Қабиев, №2 қалалық аурухананың терапевт дәрігері:

№2 қалалық ауруханада вакцинация науқаны қарқынды түрде жүргізілуде. Жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін аналарға “Pfizer” екпесін қоюдамыз. Ешбірінде жанама әсерлер байқалған жоқ.

Бүгінде 2-ші қалалық емханадағы вакцинация науқаны 3 филиалда жүргізіліп жатыр. Егу кабинеттері таңғы сағат 9:00-дан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Алдияр Айтпаев