Қоғам

Елімізде 591 мың азаматтың жалақысы 20 пайызға өседі

Елімізде 591 мың азаматтың жалақысы жыл сайын 20 пайызға артпақ. Өзгеріс қаңтардың бірінен бастап біртіндеп енгізіледі. Нәтижесінде 2022 мен 2025 жылдар аралығында мемлекеттік емес сектор мамандарының еңбекақысы екі есеге өспек. Атап айтар болсақ, жаңашылдық есепші, экономист, заңгер, архивші, кітапханашы, музейтанушы, орманшы мамандығының иелері мен техникалық қызметкерлерге қатысты.

Эльмира Садвокасова