Қылмыс

ТЖ режимін бұзған 11 адам жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында ТЖ режимін бұзған 11 адам жауапкершілікке тартылды. Басым бөлігі коменданттық сағат талаптарын сақтамаған. Бір факті тыйым салынған уақытта ішімдік сатуға қатысты. Аталған жайттардың барлығы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кету қажет, ТЖ режимін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыпты адам айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Данаш Хамзина