Аптадағы маңызды жаңалықтар

ТЖ кезінде қазақстандықтарға банк қосымшалары мен ресми ақпарат көздері интернетсіз қолжетімді болады

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында кейбір ресурстарға интернетсіз қол жеткізуге болатын механизм енгізілгені жайлы айтты. Сөзінше, қазіргі уақытта halyk, homebank және Kaspi қосымшалары оффлайн режимінде жұмыс істейді, басқа банктерді қосу бойынша да жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, tengrinews, inform.kz, baq.kz, 24.kz, qazaqstan.kz және басқа да платформалар интернетсіз қолжетімді. Министрдің айтуынша аталған ресми сайттардың барлығы тәулік бойы қолжетімді болады. Тағы бір айта кететін жайт, ресми ақпарат қазақстандықтарға смс-хабарлама арқылы да таратылады. Бұдан бөлек Бағдат Мусин барлық абоненттерге 200 смс және қоңырау шалуға арналған 300 минут тегін пакет берілгенін мәлімдеді. Ал 1414 колл-орталығының базасында хабар-ошарсыз кеткен және зардап шеккендерді іздеу бойынша тікелей желі жұмыс істеп тұр.

Бердимурат Баймухан