Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО бойынша 25 блок бекет орнатылды

Айдын Байматов, СҚО ПД ЖПҚ бастығы:
– Петропавл қаласының айналасында 5 блокбекет орналасты. Олар: Мамлютка, Булаево, Бескөлге шығар бетте орналасқан. Тағы Шаховскоеға бұрылыста және Солнечный кентінде орын тепті. Бұл жерден медициналық көмекке мұқтаж жандар өте алады. Ол үшін анықтамалары болуы қажет. Сондай-ақ, облыс орталығында жұмыс істейтін жандарға өтуге болады. Оларға да жұмыс орнынан анықтама қажет. Тағы транзиттік автокөліктерге кіріп-шығуға болады.

Сондай-ақ, азық-түлік пен жанар-жағармай тасымалымен айналысатын жандардың қозғалысына да шектеу қойылмайды. Айта кету қажет, блокбекеттерден өткен машиналардың әрбірі жіті тексерілуде. Полиция қызметкерлері азаматтарға үйден шыққан кезде міндетті түрде жеке куәлік пен қажетті анықтамаларды алу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Эльмира Садвокасова