Білім

Мектеп оқушыларының қысқы демалысы ұзартылды

Қазіргі күні мектеп оқушылары 2-ші тоқсаннан кейінгі демалыстарын өткізіп жатыр. Ережеге сәйкес ұл-қыздар сабаққа қаңтардың 10-ы күні шығулары керек еді. Елдегі төтенше жағдайға байланысты оқушылар енді үстіміздегі айдың 17-сіне дейін демалады. Бұл жайында бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков мәлім етті. Айтуынша жоғары оқу орындарының студенттерінің де демалысы ұзартылады.

Нәзір Жәшібеко, СҚО білім басқармасының басшысы:
– Колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері үшін каникул 24-ші қаңтарға дейін ұзартылды. Балабақшалар мен шағын орталықтар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Бердимурат Баймухан