Денсаулық сақтау

Өңірде індет жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте өңірде індет жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді. 27 адамның бойынан ауру белгілері анық байқалса, 2 тұрғын COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққан.

Науқастар саны бойынша көш басында әдеттегідей облыс орталығы тұр. Тәж вирусын 12 петропавлдық жұқтырған, ал Қызылжар ауданында 11 адам дәрігерлердің бақылауына алынған. Жалпы, пандемия басталғалы өңірде қауіпті дертке 35 мыңға жуық солтүстікқазақстандық шалдыққан. Вакцинация қарқынына тоқталсақ, бүгінге дейін 255 мыңнан астам теріскейлік екпенің қос құрамын да алған.

Алдияр Айтпаев