Қылмыс

Көлік басқару құқығынан айрыла тұра рөлге отырған мас жүргізуші ұсталды

Өңірде көлік басқару құқығынан айрыла тұра рөлге отырған мас жүргізуші ұсталды. Оқиға «Мамлютка-Қостанай» автожолының Воскресеновка және Афонькино ауылдарының ортасында орын алды. Түнделетіп жолға шыққан 24 жастағы жігіт «Volkswagen Polo» автокөлігін басқарған. Тексеру жұмыстары барысында оның Жамбыл ауданының тұрғыны екені анықталды және осыдан 5 ай бұрын масаң күйде темір тұлпар тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен 7 жылға айрылғаны белгілі болды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдағы уақытта жамбылдық жігіт ірі көлемде айыппұл арқалауы мүмкін немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы ықтимал.

Байболат Култанов