АӨК жаңалықтар

Жергілікті нумеролог әрі астролог келер жылға болжам жасады

Дана Сәлімқызы, тілші:
– Сиыр жылының қызығы да, қиындығы да болды. Ал келер 2022 жылдан петропавлдықтар не күтеді? Осы орайда қазір тұрғындардың өздерінен сұрап көреміз.

– Келер жылдан ең бастысы жақсылық күтемін. Ойлаған армандарым орындалып, отбасым кеңейіп, немерелерім көбейсін деп тілеймін. 2022-де елімізде пандемия толығымен жойылсын.

– Әрине, жақсылық күтеміз. Еліміз көркие берсін. Солтүстікқазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын.

– Барыс жылы сәттіліктерге толы жыл болады деп сенемін. Алдағы жылға жоспарларым ауқымды.

Шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жыл барысқа тиесілі. Жергілікті нумеролог, астролог Маржан Тәжімұратова бұл жыл қолайлы болады дейді. Әсіресе, ештеңеден қорықпай, тәуекелге баратын жандардың асығы алшысынан түспек.

Маржан Тәжімұратова, нумеролог, астролог:

– Негізінен барыс – жыртқыш жануар. Сондықтан, осы жыл жігерлі, мақсаттарына жетуге талпынатын адамдарға ең жақсы жыл болмақ. 08:04 Негізі, барыс жануары қорқақ адамдарды жақтырмайды. Қорыққан адамды басып кетеді. Сондықтан, көрермендерге айтарым, осы 2022 жылы қорықпай, алғай қойған мақсатқа жетуге талпыну қажет.

Осы орайда нәзікжандылардың құлағына алтын сырға! 2022-де батыл қыз-келіншектерге сәттілік серік болмақ. “Тіпті, келер жылы билікте біршама өзгерістер орын алып, жоғары лауазымдарға әйел адамдар тағайындалуы ықтимал”,- дейді нумеролог маман.

Маржан Тәжімұратова – нумеролог, астролог:

2022 жыл – әйел адамдарға өте сәтті жыл. Себебі, нәзікжандылар саясатта биік лауазымдардан көрінеді. Бизнесте де биік белестерге жетеді. Ер адамдарға келетін болсақ, олар өз зайыптарының қасында қолдап, қамқоршы болып жүреді.

Енді сандардың сиқырына кезек берейік! Маржан Тәжімұратова келер жыл 6 санына тиесілі дейді. Ал нумерология ғылымында «6» – бұл берекелі сан. Негізгі сипаттамалары мынадай: отбасындағы береке, қаржылық тұрақтылық, махаббат. Яғни, 2022-де шаңырақ көтеруді жоспарлаған жандар үшін қолайлы болмақ.

Маржан Тәжімұратова – нумеролог, астролог:

6 саны – отбасылық сан. Бұл дегеніміз – көптеген жалғызбасты қыз-жігіттер сыңарларын табатын болады. 2022 жыл – жанұя құратын жыл. Көп сәби дүниеге келетін жыл.

Сонымен қатар, 6 саны еңбекқорлықпен байланысты. Демек, келер жылы қандай да бір жұмысқа немесе кез келген бастамаға аянбай күш салу қажет. “Сонда төккен тер өз нәтижесін береді”,- дейді маман. Әңгіме барысында Маржан Тәжімұратова ел экономикасына қатысты да пікір білдірді. Оның сөзінше, әр салада оң өзгерістер орын алады. Әсіресе, шағын және орта бизнестің тасы өрге домаламақ.

Дана Сәлімқызы, тілші:

Нурмеролог әлі күнге дейін ел аузынан түспей қойған коронавирус жайлы да ой бөлісті. Оның айтуынша, бүкіл әлемге жайылған індет біздің елімізде 2022 жылдың қазан айына қарай толығымен жойылмақ. Дегенмен, бұл – болжам ғана.

Дана Ешкенова