Спорт

“Kuanish” ВК ел біріншілігінің екінші кезеңінде топ жарды

“Kuanish” волейбол клубы 30-шы ел біріншілігінің екінші кезеңінде топ жарды. Петропавлдық арулар кезекті тур барысында 6 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бұл жолы солтүстікқазақстандықтар сапынан үздік ойыншы сербиялық легионер Александра ЧирОвич атанды. Айта кету қажет, Талдықорғандағы сайыста теріскейлік ұжымның басты қарсыластары – өскемендік “Altay” мен жергілікті “Jetisy” түрлі себептермен төбе көрсетпеді. Қос командамен жерлестеріміз келесі кезеңде кездеседі. Әзірге, қуаныштық қыздар турнирлік кестенің 3-ші сатысында тұр. Қоржында 29 ұпай бар.

Алдияр Айтпаев