Қылмыс

СҚО тұрғыны ұлтаралық алауыздық қоздырған

Ұлтаралық алауыздық қоздырған жігіт жауапкершілікке тартылды! Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Instagram желісінде қосымша парақша ашып, заңғы қайшы әрекет еткен.

Яғни, түрлі материалдар жүктеп, пікір қалдырып отырған. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында аудан орталықтарының бірінде тұратын 20 жастағы теріскейлік құрықталды. Тіркелген фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша іс қозғалды. Айта кетейік, ұлтаралық және дінаралық алауыздық қоздырған жандар ірі көлемде айыппұл арқалауы мүмкін немесе 7 жылға дейін сотталуы ықтимал.

Жастілек Есдәулетов, СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

– Тергеу жұмыстарынан кейін материал Петропавл қалалық сотына жіберілді. Ол айыпты болып танылды. Оның бас бостандығы 3,5 жылға шектетілді.

Бердимурат Баймухан